• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2014

Егін егу науқаны еліміздің астық өсіретін басты өңірлерінде басталды

591 рет
көрсетілді

2014 жылғы егін егу науқаны респуб­­­ликаның оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарға жетті. Осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі бар­­лық қар­жыландыру көздерінен жалпы 61,2 млрд. теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд. теңгесі – бюджеттік несие. Сарап­шы­лар­дың ба­ғалауы бойынша холдингтен егін науқа­нына бөлінген қаражат 6,2 млн.га жерде агро­тех­никалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні «ҚазАгро» компаниясына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 3 мыңнан астам өтінім келіп түсті, өтінімдердің жиынтық сомасы 28,9 млрд.теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштің 2,5 мың өтінімі бүгінде мақұлданды. 14,5 млрд.теңгені құрайтын 1,6 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды. Көктемгі-егіс жұмыстарын несие­лен­діруге келіп түскен ең көп өтінімдер келесі аймақтарды қамтиды – Қостанай облысы (962 өтінім), Ақмола облысы (694), Оңтүстік Қазақстан облысы (616), Солтүстік Қазақстан облысы (357) және Павлодар облысы (144). Егін науқанын қаржыландыруды «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрамын­дағы үш даму институты жүргізеді, олар – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-тү­лік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры» АҚ. Бұдан бө­лек АӨК субъектілерінің несие көз­деріне қолжетімділігін арттыру үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі респуб­ликаның аграрлық саласындағы шаруа­шылықтарды қаржыландыруға бір­қатар екінші деңгейлі банктерді қар­жыландырды. Бұл мақсаттарға холдинг бюджеттік несиеден 20 млрд.теңге бөлді. Бүгінгі күні егін науқанына банк­тер 16,2 млрд.теңгеден астам сомаға қаржыландыру жұмыстарын жүргізді. Несиелендіру стандартты банктік рәсімдер бойынша жүзеге асырылады. Қаржылық ресурстардан бөлек «Қаз­Агро» ауылдықтардың машина-трактор паркін жаңалау сұрақтарын ше­шуде. Аграршыларға қажетті ауыл­шаруа­шылық техникасына қол жеткізуді «Қаз­АгроҚаржы» АҚ лизинг пен несиелендіру құралдары бойынша жүзеге асыруда. Бүгінде компанияда 11,6 млрд.теңгені құрайтын 1 334 бірлік техникаға келіп түскен өтінімдер жұмыс үстінде. Қаржылық лизинг мәмілелері 7,1 млрд.теңге сомасына 745 бірлік техниканы иемденуге жасалды. Мақпал ӘУЕСБАЕВА.