• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

1900 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесін жариялады.

Соған сәйкес, бүгін Мемлекет басшысы JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі.

«20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке қатысатыны айтылды.