• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2014

Тату көршілік пен достықты нығайту жолында

315 рет
көрсетілді

Астанада Қорғаныс ми­нис­трлігінің, Сыртқы істер ми­нистрлігінің, ҰҚК Ше­кара қызметінің бас­шы­лығы Бірлескен бақылау тобы­ның (ББТ) 30 сессиясына қа­тысушы Қазақстан, Қы­тай, Қыр­ғызстан, Ресей және Тәжікстан делега­ция­ларының басшыларымен кездесті. Сессияның күн тәртібіне Қа­зақ­стан Республикасы, Қырғыз Рес­публикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы арасындағы 1996 жылғы 26 сәуірдегі шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы (Шанхай келісімі )және 1997 жылғы 24 сәуірдегі шекара ауданында Қарулы Күштерді өзара тиімді қысқарту туралы (Мәскеу келісімі) Келісімдерді орындау мәселелері шығарылды. Сессия барысында 2013 жыл­ғы инспекциялық қызметтің қоры­тын­дысы шығарылып, ағымдағы жылы өзара тиімді инспекция жүргізу мә­селелері анықталатын болады. Бір­лескен бақылау тобы 30 сессиясының жұмыс қо­ры­тындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қою жоспарлануда. ББТ сессиясы 1999 жылдан бері тұрақ­ты негізде өткізіліп келеді. Ол Бірлескен тараптар делегациясы (Қазақстан, Қыр­ғызстан, Ресей, Тәжікстан) жоғары лауазымды тұлға сыртқы саяси қорғаныс ведомстволары сарапшылары дең­гей­ін­дегі ҚХР делегацияларынан тұрады. ББТ қызметі 15 жыл ішінде бар­лық қатысушы мемлекеттер Шан­хай және Мәскеу келісімдерінің ере­желерін сәтті іске асырып келе жатқанын дәлелдейді. Бірлескен бақылау тобы шеңберінде тұрақты негізде инспекциялық және мәлімдеу қызметтерін жүргізіп, кездесулер өткізіп тұрады. ББТ механизмі бес мемлекеттің арасындағы тату көршілік пен дос­тықтың дамуында, шекара аудандарында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды орын алады. «Егемен-ақпарат».