• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2014

Кеңестердің бірлескен отырысы

242 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті. Отырыста Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасының негізгі қағидалары қарастырылды. Осы мәселе бойынша Жоғарғы Соттың ақпараты тыңдалды. Бірлесіп өткізілген кеңестердің отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасында заңнаманы және құқық қолдау қызметін әрі қарай жетілдіру барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.