20 қыркүйек күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшін жалпықалалық бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді.