• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2014

Қылмыскерді табуға көмектескен жанға қомақты қаржылай сый беріледі

265 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 16 мамыр. Ақтауда 8 жасар Асылбекті пневматикалық қарумен оқ атып жарақаттаған адамды әлі табылмауда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Полицейлер адам атуды «ермекке» айналдырған күдіктілерді табуға көмек берген жанға қомақты қаржылай сый тағайындалатынын жария етті. Ал Асылбектен бұрын пневматикалық қару оғынан зардап шеккен үш адамның бірі – 23 жастағы Константин Шульга (суретте). Тақырыпқа орай журналистермен тілдескен  ол полицейлердің сөзін қуаттап, қылмыскер көрші үйде емес, дәл өздері тұратын 22-шағынаудандағы 6-үйде тұруы мүмкін деген жорамал айтады. Константин Шульга: «Мен де галереяға темекі тартуға шыққан едім. Сол сәтте жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнай бастады. Осы кезде менің құлағым оқыс ауырып, шымырлап ала жөнелді. Алғашында мені найзағай соқты деп ойладым. Пневматикалық қарудың оғын тапқан соң ғана өзіме оқ атылғанын түсіндім», – деді. Ал Асылбектің жағдайы қазір жақсы, күн санап тәуір болып келеді. Гүлайым Шынтемірқызы. Дереккөз: egemen.kz. Фото: egemen.kz.