АҚТАУ. 16 мамыр. Ақтауда бір азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқызбау үшін пара алды деген күдікпен Маңғыстау облыстық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары – И.Сансызбаев және М.Журханов ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
И.Сансызбаев пен М.Журхановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-бөлігі «б» тармағымен пара алу фактісі бойынша іс қозғалды.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 132-бабына сәйкес күдіктілер Ақтау қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Қаржы полициясы баспасөз қызметі өзге ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланбайтынын хабарлады.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: Exzk.ru.