• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы белгілі болды

224 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, 15:30-да доллардың орташа бағамы 478,26 теңгені құрап, тағы 0,61 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 7,95 теңгеге (+0,03) дейін өсті.

Қытай юанінің орташа бағамы 68,37 теңгеге (+0,41) дейін өсті.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық Банк 476,11 теңгеге белгілеген.

Айырбастау пункттерінде долларларды 475-479 теңгеден, еуроны – 476-484 теңгеден, ресей рублін – 7,35-7,7 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен бірге 20 қыркүйектегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген жоқ.

Мәселен, Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны бар-жоғы 0,09% - ға өсіп, барреліне 92,08 долларды құрады.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы қазан айында 0,07% - ға, барреліне 85,30 долларға дейін төмендеді.