Бүгін Қытай атмосфераны, теңіз және ғарыштық ортаны бақылау үшін Yünhay-1 үшінші жер серігін сәтті ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Yünhay-1 үшінші жер серігі елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан Long March-2D зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған.
Шанхай ғарыштық ұшу технологиялары академиясы (SAST) әзірлеген спутник ғылыми және түрлі апаттардың алдын алу бойынша зерттеулер үшін пайдаланылмақ.
Айта кетейік, Yünhay-1 спутниктерінің біріншісі 2016 жылдың қарашасында, екіншісі 2019 жылдың қыркүйегінде ұшырылған.