• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Мамыр, 2026

Жеңіс күніне орай 3398 астаналыққа біржолғы төлем берілді

Елордада  Жеңіс күніне орай 3398 адам әлеуметтік төлем алды. Бүгінгі таңда қаладағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагеріне 5 млн теңге төленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, ҰОС ардагеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем толық аударылған.

Бұдан бөлек төлем алушылар қатарында:

– соғыс ардагерлеріне теңестірілген 476 адам (45 АЕК – 194 625 теңге) – басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 1167 адам (45 АЕК) – жеңілдіктер қолданылатын өзге санаттағы 1753 адам (15 АЕК – 64 875 теңге) бар.

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Қалалық әкімдік өкілдері бұл азаматтарға бұдан бөлек коммуналдық қызметке жеңілдік, тегін дәрі-дәрмек, қоғамдық көлік және санаторийлік емделу қарастырылғанын атап өтті.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар