• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Күрес 21 Қыркүйек, 2022

Екі қазақстандық спортшы Әлем кубогына шақырту алды

407 рет
көрсетілді

Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Әлем кубогында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

10-11 желтоқсанда АҚШ-та еркін күрестен және әйелдер күресінен Әлем Кубогы өтеді. Әлем чемпионатының рейтингі бойынша бес үздік команда кубокқа жолдама алады. Алтыншы команда - Жұлдыздар тобы. Бұл топтың құрамын Біріккен күрес әлемі (UWW) шешеді.

Айта кетсек, чемпионаттың жүлде қоры 100 мың швейцар франкін құрайды. Бірінші орын алған команда ұтыстың 70%-ын, екінші команда 20%-ын, үшіншісі 10% алады.