• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 21 Қыркүйек, 2022

Басты мемлекеттік институттарды қайта құрамыз - Тоқаев

453 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қоғам алдына сайлау алдындағы тұғырнамасын ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Президент бүгін қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен Жолдауымда сайлау мерзімін жария түрде және ашық айттым. Осылайша, біз басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз. Осы бастамалар жарияланғаннан бері бір айға жуық уақыт өтті. Бұл – барлық мәселені байыппен талқылап, жағдайды бағамдауға жеткілікті мерзім. Халық біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр», делінген ел Президентінің үндеуінде.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық шараларды жуырда халыққа ұсынатын сайлау алдындағы тұғырнамасына қосатынын атап өтті.

«Мен Жолдауымда ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.