• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2022

Достарымен бәстескен жасөспірім бомба туралы жалған ақпарат таратқан

346 рет
көрсетілді

Павлодарлық полицейлер қала мектептерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан оқушыны қолға түсірді. Кәмелетке толмаған бала осындай қадамға сыныптастарымен  бәстесіп барғанын мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 қыркүйек күні Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне белгісіз біреу қала мектептерінің біріне террористер кіріп, жарылғыш зат қойып кеткені туралы хабарлама түсті. 

«Академик Шөкин, 27 көшесіндегі Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ-де террористер бар», делінген хабарламада.

Көрсетілген мекенжайға шұғыл қызметтер жіберіліп, мыңнан астам оқушы мен персоналдың 83 мүшесі эвакуацияланды. Ал саперлер мектепке тексеру жүргізді.

Облыстық ПД баспасөз қызметі мамандар мектепте жарылғыш зат таппағанын хабарлады. ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жалған хабарлау фактісіне қатысы бар тұлғаны анықтау бойынша іс-шаралар өз жемісін берді, ал Павлодарлық полицейлер көп ұзамай кінәліні ұстады. Ол сол мектептің оқушысы болып шықты», делінген хабарламада.