Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Мичоакан штатында болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 24,1 шақырым тереңдікте сезілген.
Билік жер сілкінісінің бүкіл штатта байқалғанын айтады, бірақ құрбандар мен қираулар туралы әзірге хабар жоқ.
19 қыркүйекте Мексиканың Мичоакан штатында 7,6 балдық жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапқаны жайлы жазғанбыз.