• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Қыркүйек, 2022

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңді

323 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңіп, Ұлттар лигасының В тобына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды.

Бастапқы құрамдар төмендегідей болды:

Қазақстан: Шацкий, Габышев, Малый, Марочкин, Әліп, Вороговский, Оразов, Тағыберген, Дарабаев, Зайнутдинов, Айымбетов;

Беларусь: Хаткевич, Печенин, Юденков, Швецов, Поляков, Эбонг, Яблонский, Климович, Шевченко, Савицкий, Богомольский.

Кездесудің 29-минутында қазақстандық Михаил Габышев есеп ашты, Ал 45-минутта Беларусь құрамасының ойыншысы Павел Савицкий таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 79-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов гол соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. 

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды. 

Енді Қазақстан құрамасы 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.