• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2022

Ирандағы наразылық кезінде 31 адам қаза тапты

327 рет
көрсетілді

Иранда вице-полиция ұстаған 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық шерулері алтыншы күн қатарынан жалғасуда. Наразылық акциясы кезінде 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Иранның 100-ден астам қаласы мен 30 провинциясында наразылық шаралары өтіп жатыр. Шерушілер полиция мен үкімет ғимараттарын өртеп жіберген. Тәртіп сақшыларының көпшілікке оқ атқаны жайлы хабар да тарала бастады. Наразылық кезінде бес полиция қызметкері қаза тапқан.

Елде мобильді интернет өшірілді. Иранның Барлау министрлігі кеше, 22 қыркүйекте наразылық шерулеріне қатысу заңсыз екенін ескертті. Енді барлық демонстранттар сотқа тартылатынын айтып қорқытып жатыр.

Айта кетейік, елдегі толқуларға себепші болған Махса Амини хиджабты дұрыс кимеген деген айыппен ұсталған. Иранның қауіпсіздік күштері қыздың уақытша ұстау изоляторында жүрек талмасынан есінен танып, қайтыс болғанын айтады. Ал оның туыстары өлімді соққының кесірінен деп есептейді.

Осыдан соң, Иран президенті Ибрахим Раиси шұғыл ресми тергеу жүргізуге бұйрық берді.

Соңғы жаңалықтар