Полиция қызметкерлері Шу қаласындағы атысқа қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, атысқа белсенді қатысқан екі азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша оны УҰИ-ға қамауға алу туралы мәселе қарастырылуда. Төртінші күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.
Оқиға фактісі бойынша ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетсек, 25 қыркүйек күні сағат 00:18-де атыс кезінде зардап шеккен төрт жігіт ауруханаға түскені жайлы хабарланды. Кейінірек жәбірленушінің біреуі аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны анықталды.