Павлодарда 15 жастағы жасөспірім 14-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйекте полицейлерге сағат 18:00-19:00 аралығында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың 14-қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінде атап өткендей, қазір қажетті шаралар жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.