• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қыркүйек, 2022

Германия канцлері ауырып қалды

326 рет
көрсетілді

Бүгін Германия канцлері Олаф Шольцтің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия министрлер кабинетінің өкілі Штеффен Хебештрейт канцлердің оқшауланғанын мәлімдеді. 

Шольц осы аптадағы барлық іс-шараларға қатысудан бас тартты. Кеше канцлер Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінде болған сапарынан оралды.

Айта кетейік, канцлер жүргізген келіссөздердің негізгі тақырыбы Германияны газбен қамтамасыз ету болды.