• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қыркүйек, 2022

Әлем кубогінде олжалы болды

166 рет
көрсетілді

Францияның бас шаһары – Парижде спорттық гимнастикадан Әлем кубо­гінің 4-кезеңі мәресіне жетті. Екі жылдан кейін Олимпия ойындарын қабылдайтын сарайдың бірінде өткен бә­секеде «сен тұр, мен атайын» деген тә­­жі­рибелі гимнастар шеберлік бай­қасты.

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша атта өнер көрсету бағдар­ламасында қазақстандық Нариман Құрбанов күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз бұл жаттығуда 14.450 ұпай жинады. Оның алдын Рис Мак Ленаган (15.100) орап кетсе, Қытай Тайпэйінің өкілі Шао Ю Ян (14.350 ұпай) қола медальға қол жеткізді.

Жалпы, биылғы Әлем кубогі 6 кезеңнен тұрады. Қалған жарыстар 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Мажарстанның Сом­батхей қаласы мен 7-9 қазанда Түр­кияның Мерсин қаласында өтеді. Кейіннен әлемнің таңдаулы атлеттері 29 қазанда Ан­глияның Ливерпулінде басталатын әлем чемпионатына дайындалады.