• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Қыркүйек, 2022

Астанадағы 14 сату нүктесінде көмір сатылады

359 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Астана қаласында 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі ұйымдастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көмір сату нүктелері тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 компания-реализаторлар өз қызметін жүзеге асырады.

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.

«Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша «Қауырт желі» жұмыс істейді, онда тұйықтықтағы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады», делінген хабарламада.

Биыл көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде сақталды:

Шұбаркөл - тоннасына 13 800 тг; Қаражыра - тоннасына 14 500 тг; Майкөбе - тоннасына 12 700 тг.

Әкімдік өкілдері хабарлағандай, елордада қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлер газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілді. Бүгінде 680 км астам газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды, кварталішілік желілер тартылды. Жалпы, газға 5,7 мыңнан астам үй қосылған.

Сондай-ақ Байқоңыр мен Есіл аудандарында газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.