Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды серуендеу барысында өңірдің даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 27 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, жұртшылықпен кездесті, өңірдің бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады, сондай-ақ ботаникалық бақтағы экобелсенділердің акциясына қатысты.