• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы өсті

351 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 478,90 теңгені құрап, 1,46 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 8,22 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 67,83 теңгені (+0,21) құрады.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 460,38 теңгеге белгілеген.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 480-484 теңгеден, еуроны 457-465 теңгеден, рубльді 7,35-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 27 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,93%-ға көтеріліп, бір баррель үшін 84,84 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қараша айында 1,06%-ға, барреліне 77,52 долларға дейін өсті.