• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2022

Елімізде қанша шетелдік автокөлік бар?

284 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кету керек, шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінген (99%).

– Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу, – деді министр.

Соңғы жаңалықтар