Бұл туралы Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Оттавада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз Ирандағы жеке және заңды тұлғаларға санкциялар саламыз. Бұл Иранға қарсы қазірдің өзінде қолданылып жүрген шараларға қосымша ретінде жасалады», деді Трюдо.
Канада премьер-министрі Иранның адам құқықтарын үнемі бұзатынын, соның ішінде наразылық шерулерін басуға тырысатынын атап өтті.
«Мен Иранда наразылық білдірген халыққа қолдау білдіретінімізді жеткізгім келеді», деді Канада үкіметінің басшысы.