• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 28 Қыркүйек, 2022

Доллар қымбаттады

121 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,48 теңгеге көтеріліп, 479,39 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 478,90 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 477,95 теңге, сату – 482,09 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 476,76 теңгеден сатып алынып, 480,90 теңгеден сатылуда.