• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қыркүйек, 2022

Дүниежүзілік банк Украинаға 11 миллиард доллар аударды

188 рет
көрсетілді

Бұған дейін АҚШ Украинаға 18 HIMARS РСЗО, жүздеген брондалған көлік құралдарын, радарлар мен дрондармен күресу жүйелерін бөлген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік банк Украинаны қолдау мақсатында 11 миллиард доллар бөлді. Бұл жөнінде РИА Новости хабар таратты.

«Біздің жобаларымыз бен сенімгерлік қорларымыз арқылы Киевке шамамен 11 миллиард доллар аударылды», деді Банк басшысы Дэвид Малпасс.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер АҚШ Украинаға 11 миллиард долларға жаңа әскери көмек пакетін бөлгенін растады.