Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен бір ғана мысал келтірейін, мәселен өткен аптада мен Мәскеуде болып, ресейлік әріптестеріммен кездестім. Біз Еуропаға шамамен 500 мың тонна қазақстандық көмірді Ресей аумағы арқылы транзитпен экспорттау мәселесін талқыладық. Бұл мәселе шешілді, қазір біз Еуропаға көмір сатамыз», деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысында.
Вице-премьер көмірді ERG компаниясы сататынын және бүгінгі күні ішкі тұтыну үшін көмір көлемі жеткілікті екенін нақтылады.