• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 29 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы арзандады

117 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 2,03 теңгеге төмендеп, 476,89 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 8,23 теңгеге (+0,05) дейін өсті.

Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 66,49 теңгені (+0,17) құрады.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 457,42 теңгеге белгіледі.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 476-480 теңгеден, еуроны - 455-462 теңгеден, рубльді - 7,25-7,6 теңгеге сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 29 қыркүйектегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендейді.

Мәселен, Brent сортына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,52%-ға төмендеп, барреліне 88,86 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қараша айында 0,57%-ға, барреліне 81,71-ге дейін төмендеді.