Кувейттің KUNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дауыс беру процесі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Барлығы 795 911 дауыс беруші 305 кандидаттың ішінен 50 депутатты сайлайды.
Айта кету керек, Кувейт Ұлттық ассамблеясы 1963 жылы 23 қаңтарда құрыған. Мұнда депутаттардың өкілеттік мерзімі төрт жыл. Заң шығарушы орган тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығымен сайланатын 50 депутаттан тұрады. Сайлау әдетте 5 сайлау округінде өтеді. Жоғарғы заң шығарушы органға әр округтен 10 өкіл сайланады.
2012 жылдың соңына дейін әрбір сайлаушы 4 кандидатқа дауыс беру құқығына ие болған. Бірақ бүгінде дауыс беру құқығы әр адамға бір дауыспен шектеледі.
Кувейтте дауыс беру жасы - 21. Бұл ретте әскерилердің дауыс беруге құқығы жоқ.