• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қыркүйек, 2022

Үкімет президент сайлауына қаржы бөле бастады

676 рет
көрсетілді

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сайлауды өткізуге 20,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл сома бекітілді, Үкімет резервінен ақша бөлініп жатыр», деді Ержан Біржанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Вице-министр 16,8 млрд теңге көлеміндегі негізгі қаражат еңбекақы төлеуге жұмсалатынын нақтылады.

«Жергілікті жерлерде сайлау учаскелері құрылады. Ал жалақы ең төменгі үш айлық жалақыдан кем болмауы тиіс, бұл - 180 мың теңге», деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы» қаулы қабылдаған еді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшері 10 312 600 теңге көлемінде белгіленген:

Теледидар және радио бойынша сайлау бағдарламаларын ұсыну, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау - 9 012 600 теңге; Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 800 000 теңге; Көлік шығындары - 500 000 теңге.