• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2022

Абай облысында 62 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

206 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды», деді Қ.Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл жұмыс одан әрі жалғасады.

Еске сала кетейік, Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Соңғы жаңалықтар