• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қыркүйек, 2022

Президент бизнес өкілдерін Абай облысын бірге көркейтуге шақырды

264 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірден шыққан іскер азаматтарды Абай облысын бірге көркейтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде жауапкершілік идеологиясы орнығуға тиіс. Әлемдегі ахуал аса күрделі болып кетті. Осындай жағдайда бүкіл ұлт болып ұйысып, бірігуіміз керек. Әрбір саясаткер, қоғам қайраткері, журналист, блогер немесе жалпы азаматтар сөзі мен әрекетінің жауапкершілігін сезінуге тиіс. Қазір әр ісіміз мемлекет мүддесіне сай болуы қажет. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ», деді Қ.Тоқаев.

Оның айтуынша, шетелде біздің жетістіктерімізді көре алмайтын адамдар аз емес. Олар, тіпті, біздің елімізге ақпараттық шабуыл да ұйымдастырады.

«Оның бәрін көріп отырмыз. Міне, біз елге қатер төндіретін осындай теріс үрдістердің де бар екенін ұмытпауымыз керек. Ең басты мақсат – мемлекеттің мүддесі. Отанымызды өркендетуге бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Аймақтарды дамытуға мемлекет қана емес, бизнес өкілдері де атсалысуы қажет. Сондықтан, мен осы өңірден шыққан іскер азаматтарды Абай облысын бірге көркейтуге шақырамын», деді Мемлекет басшысы.