Мемлекет басшысы Абай облысындағы жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын. Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды.