Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында басылымда не интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:1. Жылдың үздік сұхбаты2. Жылдың үздік репортажы3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі5. Жылдың үздік аналитикалық материалы6. Халықаралық тақырыптағы үздік материал7. Жылдың үздік жаңалықтар порталы8. Радиостанциядағы үздік жоба9. Жылдың үздік фотосуреті10. Үздік өңірлік БАҚ
Арнайы премиялар:1. Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)2. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)3.Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)
Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасараптаушылар кіретін сыйлықтың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.