Кабулдың батысындағы Кадж білім орталығында болған жарылыс салдарынан он тоғыз адам қаза тауып, 27 адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауғанстан астанасының қауіпсіздік департаментінің өкілі Халид Задран жарылғыш зат сынақ емтиханы кезінде іске қосылғанын айтты.
Жарылысты кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.
Кабулдың батыс бөлігінде негізінен шиит хазарлары тұрады.