• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қыркүйек, 2022

Елордада ұландықтар ғимараттағы өртті сөндіріп үлгерді

243 рет
көрсетілді

2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 18.00-де Байқоңыр ауданындақоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне кіріскен автопатруль бастығы ағасержант Рахмет Нұртас Балқаш жолымен автопатрульмен жүріп келе жатып,жеке сектордағы үйге іргелес бір қабатты құрылыстан түтін шығыпжатқанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыдан кейін 10 әскери қызметшіден құралған әскери жасақ учаскеніқоршап алып, өртке қарсы қызметке 101 нөмеріне қоңырау шалады, сондай-ақ полиция қызметкерлерін шақырады. Өрт сөндірушілер тобы келгенгедейін олар өртті өз беттерінше сөндіребастаған.- Жеке тұрғын үй секторынан шыққан түтінді байқаған соң, әскерижасақпен бірге дереу өрт орнына жүгірдік, онда моншаның өртке ораныпжатқанын көрдік. Әскери жасақ өрт болған жерді оқшаулап тұрғанда, менішке жүгірдім – бөлмелерде адамдардың, жануарлардың және жарылғышзаттардың бар-жоғын тексердім. Бақытымызға орай, ешкім де, ештеңе деболған жоқ, - деді аға сержант Рахмет.

Құрылыстың иесі 5573 әскери бөлімінің әскериқызметшілеріне қырағылық танытқаны және өртті сөндіруге көмектескені үшіналғысын білдірді.

Сағат 18.40 шамасында күзетшілер өздеріне сеніптапсырылған учаскелерде қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін жалғастырды.