Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 235-орын) Буэнос-Айрестегі (Аргентина) Челленджерде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда Попко аргентиналық Роман Андрес Бурручаганы үш сетте – 7:5, 0:6, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда қазақстандық тенисші Ренцо Оливо турнирінің жеңімпазы - Уго Карабелли Камиломен кездеседі.
Бұған дейін турнирде Дмитрий Попко аргентиналық Сантьяго Родригесті – 7:6, 0:6, 7:5 есебімен, бразилиялық Лейте Вилсонды – 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Буэнос-Айрестегі турнирдің жүлде қоры 53 120 долларды құрайды.