Қазақтың балуан қызы Зарина Сарипова Түркияда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, еліміздің қоржынына үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Хабар 24» хабарлағандай, қазақстандық балуандар Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тағы бес медаль жеңіп алды. Осылайша, Еламан Қойшыбаев пен Рауза Нұрмұхамметова «күміс» иеленсе, Мақсат Исағабылов пен Мөлдір Азамат «қола» медаль жеңіп алды.
Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық көкпаршылар да «алтын» алған болатын. Ал бірінші медальді балуан Марат Нығматуллаев қоржынға салды. Оған моңғол балуанын жеңу үшін небәрі екі минут қажет болды.