• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2022

Қазақстан Президенттігіне тағы бір үміткер ұсынылды

381 рет
көрсетілді

«Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан Кәсіподақтар Достастығы» ӨКМ Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда БАҚ-та Мейрам Қажыкеннің Президенттікке кандидат етіп ұсынылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Мейрам Қажыкен бұл ақпаратты растап, Орталық сайлау комиссиясына барып, құжаттарды тіркеуге кірісетінін айтты.

Мейрам Қажыкен 1961 жылы 5 сәуірде Павлодар облысында туған. Қоғамды зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы.

Еске сала кетсек, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.