Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингінде алға жылжыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші 24 сатыға көтеріліп, 209-шы орынға ие болды.
Еске сала кетсек, өткен аптада Тимофей Лиссабондағы турнирдің жартылай финалына шығып, әлемнің 137-ші ракеткасы атанған италиялық теннисші Марко Чеккинатодан жеңіліп қалды.
Рейтингте испандық Карлос Алькарас көш бастап тұр, екінші орынға оның отандасы Рафаэль Надаль орнықты. Ал норвегиялық спортшы Каспер Рууд үздік үштікті тұйықтады.