Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Қазақстанның 138 миллиард теңгесі оффшорда жатыр. Бұл жағынан еліміз әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді екен. Қомақты қаражатты енді елге қайтаруға қам жасау қажет. Жиында оффшордан бөлек 6 мәселе ортаға салынып, мемлекеттік сатып алудағы жариялылықтың жетіспеуі жіпке тізілді. Сондай-ақ, «СТ- КЗ» форматындағы отандық сертификаттың заңсыз айналымы да назардан тыс қалмады.
«Бұл кеңес кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда серпін бермек. Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдардың халықаралық тәжірибесі зерттеліп, ұлттық заңнамаға енгізу керектігі айтылды», деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі Талғат Доскенов.
«Егемен-ақпарат».