• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2022

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркілене ме

297 рет
көрсетілді

Интернетте такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін жеке көліктердің конфискацияланатыны туралы ақпарат тарай бастады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарымен соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ешкім өз мүлкінен айырылуы мүмкін емес, тек сот шешімі бойынша. Қазіргі таңда заңсыз такси ретінде жұмыс істегені үшін көлік құралдарын конфискацияланғаны туралы бірде-бір дерек жоқ», деп жазылған комитет таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін он бес АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

«Жеке кәсіпкерлікті электронды үкімет порталы арқылы (е-лицензирование) немесе «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы,  Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тіркеуге болады», деп жазылған хабарламада.