• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Қазан, 2022

Қазақстан мен Қырғызстанның өзара сауда көлемі арта ма

482 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда рәсімдерін жеңілдетуге келіскен еді, деп жазады Egemen.kz.

Finprom.kz мәліметінше, тараптар өзара тауар айналымын арттыру мақсатында Қырғызстаннан Қазақстанға ерте көктемдегі жемістер мен көкөністерді жеткізуге мүдделі. Ал ЕАЭО елдерінің ішінде Қырғызстан Қазақстанның өнеркәсіптік және тұтынушылық тауарларын Ресейден кейінгі екінші тұтынушы. 

Өткен жылы Қырғызстан мен Қазақстан өзара сауда көлемін бір миллиард АҚШ долларынан асырған. Биылдың өзінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі жақтың өзара сауда көлемін 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту туралы келісімге келгенін мәлімдеген еді. 

2021 жылы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауданың жалпы көлемі 4,9 млрд АҚШ долларын құраған, оның ішінде 1,1 млрд АҚШ доллары немесе шамамен 21%-ы Қырғызстанның Қазақстанмен саудасына тиесілі.

Сонымен қатар, соңғы мәліметтер Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 2020 жылмен салыстырғанда 35% төмендесе, Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт керісінше 2,5 есе өскенін көрсетіп отыр.