• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2022

Референдумда үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды

318 рет
көрсетілді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда өткен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға бұрын бөлінген 16,5 млрд теңгенің 1,6 млрд теңгесін республикалық бюджетке қайтарып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ОСК сайтындағы жарияланымда көрсетілгендей, қаражат Мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты шығуы есебінен үнемделді.

5 маусымда ел Конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткен еді. 7 маусымда референдум қорытындысы жарияланды. Орталық референдум комиссиясының деректеріне сәйкес, дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық немесе 68,05% қатысты. Дауыс беру 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.

8 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді.