2025 жылға дейін Қазақстан тағы 51 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2025 жылға дейін біз 51 ұшақ сатып алуды жоспарлап отырмыз. Биыл 14 жаңа ұшақ аламыз, оның бесеуі алынды. Апта сайын дерлік БАҚ өкілдеріне ақпарат беріп тұрамыз. Жаңа ұшақ екі күн бұрын ғана келді. 2030 жылға қарай паркті 80 ұшақпен толықтыруды жоспарлап отырмыз», деді Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.