• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қазан, 2022

Алдағы үш жылда Қарағандыда мектеп саны артады

130 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту жұмыстары азаматтардың тұрмысына тікелей әсер етеді. Мен ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән беріп отырмын. Менің бастамаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Оны бүкіл еліміз бойынша жүзеге асырып жатырмыз», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша алдағы 3 жылда өңірде 28 мыңнан астам балаға арналған мектептер салынады.

«Алдағы 3 жылда осы өңірдің өзінде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады. Келесі жылы құрылыс басталады. Сондықтан, жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешімін табуға тиіс», деп түйіндеді Қасым-Жомарт Кемелұлы.