• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Қазан, 2022

ҚР ПІБ медициналық орталығы бірнеше қызметпен толықты

327 рет
көрсетілді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы бірнеше қосымша медициналық қызметпен толықты. Рентгендік диагностика, аллергология және стоматология бойынша көрсетілетін жаңа қызметтер туралы ақпарат Медициналық орталығы ауруханасы ресми сайтының «Қызметтер» бөлімінде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рентгендік диагностика бойынша  «Бір сүтбездің томосинтезі», «Екі сүтбездің томосинтезі», «2D тік проекциядағы екі сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі», 2D тік проекциядағы бір сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі» қызметтері қосылды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл қызметтер Томосинтез (3Д маммография) сараптамалық классты жаңа жабдықты орнатқаннан кейін пайда болды. Жабдық жақын арада пайдалануға берілетін жаңа емдеу-диагностикалық корпусында орнатылған. 3D маммография сүт безі ауруларын диагностикалаудың заманауи жоғары технологиялық әдісі болып табылады. Құрылғының артықшылығы – ол онкопатологияны ерте кезеңде жоғары дәлдекпен диагностикалап, ұсақ кальцинациялардың сапалы бейнесін дәл бере алады, сондай-ақ сәулелік жүктеме дозасын арттырмайды. Сонымен қатар, бұл қондырғыда онкологиялық процестің дамуының алғашқы белгілерін анықтау үшін сүт безі қатерлі ісігі бойынша хирургиялық ем алған әйелдерді зерттеуге болады.

Медициналық орталығы ауруханасындағы жаңа қызметтер қатарында аллергология бойынша «Портативті спирометрде сыртқы тыныс алу функциясын өлшеу» және стоматология-имплантология бойынша «Кореялық қызыл иекті қалыптастырғышты орнату» қызметтері де енгізілген.

Соңғы жаңалықтар