• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2022

Қатты отынға байланысты әлеуметтік көмек кімдерге төленеді

359 рет
көрсетілді

Елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев өзінің Facebook парақшасында қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек кімге және қалай төленетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда (190 088 тг) басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек балаларға және көп балалы отбасыларға жүргiзiледi», делінген хабарламада.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі (50 880 тг).

Толығырақ ақпарат алу үшін Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

Алматы ауданы - 55-01-74;

Сарыарқа ауданы  -55-14-87;

Байқоңыр ауданы - 55-72-32;

Есіл ауданы - 55-74-50.