2014 жылғы 17 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекiту туралы
«Денешынықтыру және спорт туралы» 2013 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қоса беріліп отырған:
1) спортшыларды даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету нормативтері;
2) спортшыларды даярлауды қамтамасыз ететін спорттық құрал-сайманмен, жабдықпен қамтамасыз ету нормативтері;
3) спорттық жарыстарда спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген
Спортшыларды даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету нормативтері
Толығымен